KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Күршім ауданында отын базасы ашылды

10.12.2021, 10:40 198

Күршім ауданында жергілікті әкімдік пен "ВИЗОЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім жүргізіп, әлеуметтік әріптестік шеңберінде аудан орталығында отын базасы ашылды. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Аудан әкімінің айтуынша, енді көмір тұрғындарға арзан бағамен сатыла бастайды. Бұл жұмысқа ауданында алтын өндіретін "ВИЗОЛ" ЖШС көмек көрсетіп отыр.

-  Зайсан өңіріндегі кең орнынан 300 тонна көмір жеткізді. Соның 5 тоннасы Күршім аудандық орталық мешітіне, 42 тоннасы Бурабай ауылдық әкімдігіне берілді. Сонымен қатар көп балалы 8 отбасына 8 тонна көмір табысталды Жақын арада тағы 8 отбасына , 1 тонна көмірден көмек беріледі. Бұл жұмыстар ары қарайда жалғасын табуда., - дейді Дулат Қажанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив