KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Полицей қоластындағы қызметкерді зорлаған - Риддер

29.11.2021, 12:11 190

Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі Сағат Мәдиев Риддердің уақытша ұстау изоляторының қызметкері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Оған қол астында жұмыс істейтін әйелді зорлады деген айып тағылды.

Риддер полиция бөлімі қызметкерінің басы дауға қалды – оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеті үшін ол теріс себептермен жұмыстан қуылды. Ал оның тікелей басшыларына қатысты, тіпті қалалық полиция бөлімінің бастығына дейін, қызметінен босату туралы шешім қабылданды", - деді Сағат Мәдиев.

Бұған дейін қазақстандық журналист Михаил Козачков Telegram-каналында оқиғаның мән-жайын жариялаған еді. Оның мәліметінше, ұсталған азамат – Риддердің уақытша ұстау изоляторының бастығы.

"Шығыс Қазақстан облысында жуырда Р.есімді әлдекімге іздеу жарияланды, оны тапты. Ол Риддердің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция қызметкері. Оны Қылмыстық кодекстің 120-бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен іздестірді. Ал 120-бап – бұл зорлау. Арызды оның қарамағында істейтін адам жазған, болжам бойынша қылмыс дәл сол уақытша ұстау изоляторында жасалды", - деп жазды Козачков.

Журналист жариялаған ақпаратты ШҚО полиция департаменті әзірге растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

"Қылмыстық істің мән-жайы ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп нақтылады өңірлік полиция департаменті.

Дегенмен, ведомство соңғы жылдары полиция қатарын тәртіпсіз қызметкерлерден тазарту жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кез келген заңбұзушылықтың жолы кесіледі, ал кінәлі тұлғаларға ең қатаң тәртіптік жаза қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив