Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
444.85 477.19 5.42

Өскеменнің көлік инфрақұрылымы саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылды

22.11.2021, 14:31 183 0 Мадина Амангелдіқызы

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымы саласында соңғы жылдары ауқымды өзгерістер жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы тұста Сәтпаев даңғылын қайта құруға ерекше тоқтауға болады. Даңғыл Самар ауылына апаратын тас жолмен қосылды. Сол маңдағы 19-шы шағын аудан мен Алматы тас жолы арасындағы жаңа жолдың құрылысы да аяқталуға таяп қалды.

Жібек Жолы көшесі, Өскемен-Семей тас жолы, Тоғас көшесі қайта жаңартылып, бұл екі көпірдің арасында сол жақ жағалаудың бойындағы кең көшелердің сапалы желісін құруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Әуезов даңғылы бөлу жолақтарын алып тастау арқылы 8 жолаққа дейін кеңейтілді. Даңғылды қайта құру кезінде Горький көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне оң жақ бұрылысқа дейін қосымша жолақ, ал Жеңіс даңғылының қиылысында – оң жақ бұрылыс жайластырылды.

Потанин көшесі де бөлу жолақтарына демонтаж жасау арқылы кеңейтіліп отыр. Сонымен қатар, студенттер қалашығы ауданындағы көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында Серікбаев көшесі де үш жолаққа дейін кеңейтілді.

Жеңіс даңғылына, Бейбітшілік көшесіне, Малдыбаев көшесіне, Шәкәрім даңғылына (Абай даңғылынан Белинский көшесіне дейін) орташа жөндеу жүргізілді. Жібек жолы көшесін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды («Арзаннан» Меновнойға дейін)

Лопатино аралы ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден Ахмер ауылына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту жүргізілуде. Мұнда жарық орнатылып, жол бойында тротуарлар жайластырылады. Көлік жүктемесін азайту үшін он қиылыста оң жақты бұрылыстар жасау қарастырылған.

Автожол шаруашылығын дамыту жөніндегі жоспарларға Есенберлин даңғылынан Жібек Жолы көшесінің қиылысына дейінгі аралықты, VIII жоспарлау ауданында Абай және Шәкәрім даңғылдарының тұстамасындағы көпірлер арасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, сондай-ақ, Белинский, Пограничный, Карбышев, Базовая көшелерін, 23-шағын аудандағы, Ахмер ауылындағы, Үлбі кентіндегі жолдарды реконструкциялау кіреді.
183
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив