Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Жағдай бақылауда, халыққа қауіп жоқ – ШҚО әкімі

8.09.2022, 10:00 1 0 Ләззат Қанатқызы

Кешке ШҚО-дағы өрттің қаупіне байланысты жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше аймақ басшысы Даниал Ахметов Алтай ауданындағы Сенное ауылына барып, жағдайды бақылап қайтты. Бүгін онла өртті әуеден сөндіру үшін қосымша тікұшақ жіберілмек.

Осы уақытқа дейін хабарлағанымыздай, өрт сөндірушілердің жұмысын тау бедері мен екпінді жел қиындатуда. Қазір бұл жерде 300-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеп жатыр.

-        Ортақ және бірлескен іс-шаралардың арқасында жайылым жерлерді өрттен арылттық, қазір егінге де, халыққа да қауіп төніп тұрған жоқ. Күршім ауданында өрт 1300 гектар аумаққа жайылды. Оны өшіруге 300-ге жуық адам, 34 техника және су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмыс істеуде. Тарханка мен Ұлан ауданында өртті ауыздықтау мүмкін болды, мұнда тәулік бойы кезекшілік қойылған. Глубокое ауданындағы Каменный карьер ауылына келетін болсақ, 50 адамды эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, адамдар өз үйлерінде, ауылға өрт қауіп төндірмейді. Өрт ошақтарын жоюға 500 адам, 50-ден астам техника жұмылдырылған, - деді ШҚО әкім Даниал Ахметов.

 Өрттің жеті ошағын сөндіруге барлығы 1671 адам, 185 техника, 4 тікұшақ (екі МИ-8, МИ-2, Еурокоптер), АН-24 ұшағы жұмылдырылды, бүгін тағы Қорғаныс министрлігінен екі тікұшақ келеді. Жанармай құю орны жабдықталған.

Облыс әкімінің айтуынша, күніне екі рет - таңертең және кешке жедел штабтың отырысы өтеді, онда ағымдағы жағдай туралы барлық ақпарат жиналады. Жалпы, жағдай бақылауда, халық үшін қауіп жоқ.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив