KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

"Аты бар да, заты жоқ". Күршімде жарты млрд теңгеге салынған бассейн қолдануға жарамсыз

14.09.2021, 11:58 151

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша нысанды салуға мемлекеттен жарты миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Былтыр лентасы қиылды. Бассейн ашылғанда ардагерлер мен сал ауруына шалдыққан балаларға тегін болатыны айтылған. Алайда арада он ай өтсе де, халық әлеуметтік нысанның игілігін көре алмай отыр.

Үгітілеп жатқан цемент пен қаңылтыры қопарылған бассейн салынғанда ерекше қуанғандардың бірі Әсел Рамазанова болатын. Өйткені сал ауруына шалдыққан баласына судағы ем-шараның бірнеше түрін жасайды. Алайда қуанышы ұзаққа созылмады.

Былтыр желтоқсанда пайдалануға берілген нысан сол беті тұр. Жалғызбасты ана кембағал баласын жазда үйінің ауласындағы шағын бассейінге түсірген. Енді күн суытқан соң не істерін білмей отыр.

- Менің балама бассейннің қажеттілігі күнде керек. Өйткені  балам аралас сал ауруына шалдыққан. Сондықтан оны күнделікті суда жаттығу жасатып, оңалтудан өткізу керек.  Жүзу бойынша нұсқаушы келіп, жұмыс істесе деп едік. Ол да жоқ. Бұйыртқан күні болады, - дейді күршімдік Әсел Рамазанова.

Бұйыртқан күнді Әселмен бірге талай адам күтіп жүр. Тұрғындардың айтуынша, нысан ашылғанда ғана су толтырған. Одан соң ешкім түспепті.

- Аты бар да, заты жоқ болып қалды. Сыртынан қарағанда бәрі жақсы, ішінде бір уыс су жоқ. Жаңа су ағызатын жерін қарадық. Онда ешқандай құрылыс бітпеген. Суы қайда ағады? Олар су өткізгенде мұның жүйесін мамандарға көрсету керек еді, - дейді зейнеткер Нұрбек Байтұрсынов.

Мамандарға кемшілігін тұрғындар өздері көрсетіп жүр. Бірақ бастапқыда жобасы дұрыс болмағанға ұқсайды. Өйткені бассейнге түсіп-шығуда қауіпсіздік ержелері бойынша да сұрақтар  бар.

Бассейнді Күршім ауданы әкімдігі салғызған. Бірақ биыл қаңтар айынан бастап аудан, ауылдағы білім мен спортқа қарасты нысандар облыстық басқарманың басқаруыны өткен. Сөйтіп, аудан әкімдігі мен спорт басқармасы бір-біріне хат жазып жүргенде 10 ай өткен. Осы тұста сапасы да сыр бере бастаған.

- Нысанның сапасын тексеретін авторлық қадағалау бар. Техникалық қадағалау бар. Ол кісілер қол қойғаннан кейін қабылданып тұр, - дейдіКүршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Қабылданып тұрғанымен облыстық спорт басқармасы иелігіне әлі алмаған. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен 500 миллионға салынған бассейннің сапасына енді сол ауыл тұрғындары алаңдап жүр,



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив