KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да бала-шағасымен бірге есірткі жеткізумен айналысқан әйелдер ұсталды

24.08.2021, 11:37 95

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді.

Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде «Телеграм» мессенджері арқылы «скорость» және «меф» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ әйел құқық қорғау органдарының назарына түсті.

Есірткіні «қойып кетумен» айналысқандардың бірі 8 және 6 жастағы екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана боп шықты. Ол есірткі ісімен айналысу үшін маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан.

Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн.теңгеден асады. Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Жас балалары жақын туыстарына берілді.

«Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив