KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ертең 1 қыркүйек: Абай мектебі әлі жабық тұр

31.08.2022, 16:36 103

Өскеменге қарайтын Шығыс ауылындағы мектептің ғимараты жаңа оқу жылына дайын емес, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, Абай атындағы №33 мектеп апаттық жағдайдың аз-ақ алдында тұр деп наурыз айының басында хабарладық. Алайда жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылының қарсаңында ғана басталыпты.

741a1ffb97ad8aaa6f493135f44cc816.jpg

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбектің айтуынша, жөндеу 17 тамызда басталған. Жұмыстың кешеуілдеуіне мемлекеттік сатып алу процесінің ұзаққа созылуы себеп болған көрінеді. Енді оқушылардың басым көпшілігі сабақты онлайн оқиды.

– Жөндеу аяқталғанша бастауыш сынып оқушылары Новоявленка ауылындағы ескі мектепте оқиды. Ал 9 және 11 сынып оқушылары Ахмер кентіндегі №49 мектепте білім алады. Қалған 266 оқушы ата-аналардың келісімімен онлайн түрде оқитын болды, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек.

Спикер жөндеу жұмыстары шамамен қазан айында аяқталатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив