Өскемен
-18°
туман ветер 1 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Суға батып бара жатқан қызды құтқарып, өзі көз жұмды - Семей

2.08.2021, 17:22 22 0 Мадина Амангелдіқызы

Бұл оқиға 30 маусымда Семей қаласында болған. 14 жастағы жасөспірім суға батып бара жатқан қызды құтқарып, өз өмірін қиды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нұржігіт Әшімжанов өзі жүзе алмаса да, қызды құтқарып қалған екен. Ерлікпен қайтыс болған бала "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. Награда оның ата-анасына табысталып отыр.

Сол күні Нұржігіт достарымен бірге Ертіс өзенінің жағасында жүрген. Суға батып бара жатқан қызды көріп қалып, бірден суға секіреді. Қызға таяп келіп, шұңқырдан шығарып, жағаға қарай итеріп жіберіпті. Бірақ баланың өзі судан шыға алмай қалған. Сол маңда жүрген адамдар оны судан алып шығып, жедел жәрдем шақыртады. Алайда жансақтау шаралары оның өмірін құтқарып қала алмады.

29 шілдеде Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ерлікпен қайтыс болған Нұржігіт Қанышұлы Әшімжанов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.


семск.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив