KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Өскемендіктер қала күнін жоғары дәрежеде атап өтті

31.08.2022, 10:57 177

30 тамыз күні облыс орталығында қала күніне орай жергілікті және республикаға танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше Өскемен қаласындағы орталық алаңыға жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жылда асыға күтетін сүйікті мерекелерін тойлауға келген. Биыл қала күні тұрғындарға тамаша көңіл күй мен ерекше әсер сыйлағаны осыдан-ақ белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2 жыл қатарынан елдегі ахуалға байланысты тойланбай қалған қала күні, биыл 25-30 тамыз аралығында атап өтілді. Күн сайын әр түрлі, қызықты шаралар ұйымдастырылып, белсене қатысқан тұрғындарға сыйлық тарту етілді.

Ал, кеше аталмыш іс-шаралардың нүктесі қойылып, жергілікті өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Айта кету керек, кештің басты қонағы болып, өскемендіктерді айтулы мерекемен құттықтауға республикаға танымал эстарда жұлдызы, бірнеше хит әндердің орындаушысы Мирас Жүгінісов келген.

-        Баршаңызды сүйікті қаламыздың туған күнімен құттықтаймын! Біздің қаламыз күн сайын өсіп-өркендеп, гүлденіп, дамып келе жатыр. Игі өзгерістерге өздеріңіз де куә болып жүрсіздер. Өскемен – атында айтылып тұрғандай біз өсіп-өнген, жетілген жер. Осы атауды қазір айшықтап қаламыздың кіре берістеріне жазып қойдық. Баршамыздың ортақ үйіміздің күніне орай сіздерге мықты денсаулық, береке мен бірлік, әр отбасыға амандық пен шаттық тілеймін, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

a96e6421-44f0-48f7-aa98-6a86a36e3bd3.jpg

Концерт соңында тұрғындар мерекелік от шашу тамашалады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив