Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

Бүгін Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл сайлау алғаш рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық окруктерге 730 әкім сайланады. Тағы 45 басшы жыл соңына дейін әкімдердің өкілет мерзімі аяқталғаннан кейін сайланатын болады.
Сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс санау дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Ал қорытынды үш күн ішінде шығарылады.
Айта кетсек, ШҚО бойынша 221 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
54
0
0
Сонымен қатар оқыңыз