KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Республика күні: Өскеменде қандай шаралар өтеді?

21.10.2022, 12:29 242

Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл ұлттық мереке енді жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін болады.

Республика күніне орай Өскеменде қандай шаралар ұйымдастырылмақ?

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, 25 қазан күні Республика алаңында мерекелік сауда өтеді екен. Алайда оның өзі ауа райы жағдайына байланысты.

Нақтырақ айтқанда, орталық алаңда сағат 10.00-15.00 аралығында бал, сүт, нан-тоқаш өнімдері сатылады. Сондай-ақ мұнда қаламызың рестораторлары мен дәмханалары өз тағамдарын ұсынады.

Сағат 11.00-де Республика күніне арналған мерекелік концерт басталады. Шарада қазақстандық эстрада жұлдызы Kalifarniya өнер көрсетпек. Концерттік бағдарлама сағат 14.00-ге дейін жалғасады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив