KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-ға ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі келді

21.10.2022, 10:20 181

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кенді қалаға табан тіреген министрлік өкілі «ҚазМырышМаш» өнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысты. Артынша қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ардагерлер және жастар ұйымдары қатысқан жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтты.

Содан кейін вице-министр Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көп балалы аналармен, мүгедек жандармен және әлеуметтік қызметкерлермен кездесті.

– Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарға өмір бойы жәрдемдеседі. Біз азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшеміз, – деді ол.

Вице-министр мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік Кодекс жобасында отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы әлеуметтік тәуекелдер жүйесін қалыптастыру көзделгенін айтты.

– Сондай-ақ жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және қызметтерді ауқымды түрде цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат құрылады, – деді Ақмәди Сарбасов.

Айта кетуіміз керек, әлеуметтік кодекс жобасында балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтуге ерекше назар аударылған.

– Мәселен, мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылады және марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылады, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив