KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Шетелдіктер барын айтпаған 300 азамат жауапқа тартылды - ШҚО

14.06.2021, 14:20 252

300-ге жуық ҚР азаматы шетелдік қонақтар туралы полицияға хабар бермегені үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 865 шетелдіктер (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 37 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

Қазақстан Республикасының 293 азаматы жұмыс объектілерінле шетелдіктер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 40 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу шарасы аясында «қос» азаматтықты иемденуі бойынша 3 факт анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысының объектісін тексеру кезінде рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 4 азаматы анықталды.

Жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5 бөлігі бойынша 3 күнге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мигрант» ЖААШағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасын табады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив