KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Статистика: ШҚО-дағы орташа жалақы – 214 мың теңге

28.05.2021, 15:29 138

2021 жылдың I тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 214 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Статитсика департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға артық.

- Салалық құрылымда ең жоғары жалақы өнеркәсіп жұмыскерлерінде – 320,4 мың теңге, қаржылық және сақтандыру қызметінде – 235,0 мың теңге, құрылыста – 228,4 мың теңге байқалды, - делінген хабарламада

Ал өңірдегі ең төменгі жалақыны жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер (87,5 мың теңге), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсететін қызметкерлер (127,4 мың теңге), өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлер (133,4 мың теңге), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер (140,1 мың теңге) алады.

Сонымен қатар, департамент берген ақпарат бойынша, өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Аягөз ауданында – 267,6 мың теңге, Риддер қаласында– 248,5 мың теңге, Өскемен қаласында – 247,4 мың теңге және Жарма ауданында – 223,0 мың теңге; ең төмен жалақы – Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті аудандарында. Бұл облыс бойынша орташа деңгейден 25-28%-ға төмен қалыптасты. Қалған өңірлердегі оның шамасы 165-208 мың теңге аралығында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив