KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қала күнінде жоспарланған мерекелік іс-шаралар тізімі - Өскемен

23.08.2022, 12:47 370

Биыл өскемендік тұрғындар асыға күтетін қала күні 25 тамыздан басталатын болады.

Қала тұрғындары 25-30 тамыз аралығында әр күнді қызықты өткізуге мүмкіндіктері бар.

Атап айтқанда, 25 күні кешкі 18.00-де ретроавтокөліктер Өскемен аллеясы – Сәтпаев даңғылы – Жеңіс даңғылы - Назарбаев даңғылы-Достық үйі бағыты бойынша өтеді. Кеш 19.00-де Металлургтер мәдениет сарайында "Уақыт машинасы немесе қала тарихының беттері" костюмді ретро кешімен жалғасады. Мұндағы кешке қатысу үшін арнайы дресс код бекітілген. Ол 60, 70, 80, 90, 2000 жылдардағы стильдерге сәйкес келетін костюмдер болуы керек. Шарада әсерлі билер, көңілді ойындар, байқаулар, концерттік бағдарлама, ретро-автокөліктердің автошеруі және қайталанбас атмосфера, сондай-ақ үздік бейнедегі тұрғындарға арнайы сыйлықтар да болады.

26 күні 18.00-де облыс орталығындағы Амфитеатр алаңында 17-50 жас аралығындағы кәсіби емес дарынды орындаушылар арасындағы "ӨСКЕМЕН ДАУЫСЫ" байқауының Гала-концерті. Естеріңізге сала кетейік байқаудың бас жүлдесі IPHONE, 2 орынға ноутбук, ал 3 орын – AirPods.

27-31 тамыз аралығында сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Республика алаңында киіз үйлерде көрме өтеді. "Абайдың Қара сөздері", "Қаланың тарихы мен жетістіктері", "Қаланың көрнекті тұлғалары" тақырыбы бойынша көрмелерді тамашалай аласыздар.

27-30 тамыз аралығында "СЕЛФИ КВЕСТ" марафонына қатыса аласыздар. Селфи-квестке арналған бастапқы тапсырмалар 3 алаңда беріледі:

27 тамыз-Комендантка өзеніндегі саябақ

28 Тамыз-Өскемен аллеясы

29 тамыз-Амфитеатр

Қаланың 15 маңызды жерінде орналасқан QR-кодтар бойынша қатысушылар өз селфиін жібереді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар 30 тамызда орталық алаңда өтетін мерекелік бағдарлама аясында жүлделерге ие болады.

27 тамыз күні 18.00-де Амфитеатрда Азия жүлдегерлері, Қазақстан құрамасы мүшелерінің қатысуымен грек-рим және еркін күрестен "ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ" спорттық шоуы өтеді. 5 жас пен 5 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар үшін кәсіби мамандар командасы және Өскеменнің әуесқойлар құрамасы күресетін болады.

28 тамыз күні 17.00-де Амфитеатрда «WHITE PARTY» кеші. Көңілді жүргізушілері және LIVEBAND «NEWTONE» тобының музыкалық сүйемелдеуімен конкурстар, ойын-сауық, би мен "Picnic" стиліндегі қала тұрғындарының белсенді демалысы. Бұл шараға да арнайы ақ түсті дресс кодты сақтап келу міндетті.

Ал, 30 тамыз күні кешкі 18.30-да жшергілікті ығармашылық ұжымдар мен солистердің қатысуымен қала күніне арналған концерт өтеді. Кештің басты қонағы қазақ эстрадасының жарық жұлдызы - Мирас Жүгінісов. Концерт соңында жиылған жұртшылық жылдағы дәстүр бойынша отшашуды тамашалай алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив