KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Екінші рет мас. Аягөз тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

20.05.2021, 15:26 147

28 сәуірде Аягөз қаласында сағат 20:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған 33 жастағы жүргізушіні ұстады.

Тәртіп бұзған жүргізуші осыған дейін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-тармағы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша жауапкершілікке тартылған.

- Аталған факт бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-тармағымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта ұсталған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағайындалған сот-медициналық сараптамаларының қорытындысы бойынша процесстік шешім қабылданатын болады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Жыл басынан бері Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша 36 факті тіркелген, оның ішінде 28 факті бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив