KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шығыстың құтқарушылары анимациялық мультфильм шығарды

5.05.2021, 13:35 202

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері балаларға өртқауіпсіздігі ережелері туралы "Тентек және Айя" мультфильмін шығарды.

Айта кетейік, бұл шығыстағы құтқарушылардың анимация саласындағы алғашқы тәжірибесі емес. Бұрын «Тишка қонжығының оқиғалары» туралы ермексаздан жасалған мультфильм де шыққан еді. Онда сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі, жер сілкінісі мен су айдындарындағы мінез-құлық ережелері туралы айтылған болатын.

Биылғы мультфильмді жасаушылар оны анимациялауға шешім қабылдады. Негізгі тақырып көбінесе балалардың отпен ойнауына байланысты болады.

 «Балалардың мультфильмдерді қалай жақсы көретінін білеміз, сондықтан алдын-алу үшін осындай оқыту әдісін қолдануды шештік. Мультфильмді бірінші кезекте бүлдіршіндерге жасадық Онда өрттің алдын алу және балалармен түсіндіру әңгімелерін жүргізу туралы қарапайым және түсінікті нұсқаулар бар. Авторлар кейіпкерлерді балаларға түсінікті тілмен жеткізуге тырысты. Мультфильмді ШҚО ТЖД ресми парақшасынан YouTube және инстаграмнан көруге болады, - деді ШҚО ТЖД мамандары. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив