KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Көкпектіде жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

5.05.2021, 13:08 206

11 сәуір күні сағат 20:00 шамасында Көкпекті ауданындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» автожолында жол-көлік оқиғасы болды.

35 жастағы автокөлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жаяу жүргінші ауыр дене жарақатынан аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

-   Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1 - бөлігі 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзуы және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Полиция қызметкерлерін қабылдаған шаралармен автомобиль жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды.

- Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 WhatsApp Image 2021-05-05 at 11.18.48.jpeg

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив