KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Алғашқы фотосурет. Қатонқарағайда қар барысы объективке ілінді

30.04.2021, 12:13 196

Катонқарағай ұлттық паркінің Сарымсақты жотасынан қар барысының алғашқы фотосуреттері алынды.

Panthera uncia қар барысы — Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына және Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген сүтқоректілердің сирек кездесетін түрі.  

-  Өткен жылы Катонқарағай ұлттық паркінің Жануарларлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің жетекшісі Ерік Қасымов "Әр түрлі пайда алу үшін негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және орнықты басқару"  жобасын іске асыру барысында БҰҰДБ-дан фототұзақ алып, паркке орнатқан еді, -деп хабарлайды Катонқарағай ұлттық паркі. 

Бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген фототұзақ Алтай орманшылығының аумағында қар барысының түнгі өткелін түсіріп алды.

-  Бұл Сарымсақты жотасынан алынған алғашқы фотосурет. Бұған дейін ұлттық паркте қар барысының фотосуреттері мен бейнелері Алтай Тарбағатай жотасынан алынған болатын, - дейді Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив