KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Арнайы операция: Күдіктілер "Telegram" мессенджері арқылы есірткіні таратқан

28.04.2021, 16:48 148

Полиция қызметкерлері еліміздің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жоя отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ШҚО ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі, олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінің аумағында тұрған.

Бірлескен арнайы операция нәтижесінде бір айдан аз уақыт ішінде есірткі құрылымының барлық қатысушылары әшкерленді. Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған.

Алматы облысында болып қылмыстық топтың барлық іс-әрекеттерін басқарып отырған осы есірткі желісінің жетекшісі де анықталды.

Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болған, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп отырған. Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 000 реттік дозаға тең.

- Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткісі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу материалдарымен мұқият бояған, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Есірткіні алғаннан кейін, есірткі қоятын адамды ешкім көрмеу үшін оны арнайы орындарға қою түнгі уақытта ғана жүзеге асырылған.

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында ауқымды ұстау басталды. Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушылар қамауға алынды. Өз үйлерін жалға берген пәтер иелері жалдаушылардың пәтерді есірткіні өлшеп-дайындау цехына айналдырғандарын көріп, жағаларын ұстаған. Әрі қарай, кезек есірткі желісі жетекшілерінеде келіп жетті.

Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатыстылығы анықталды.
Олардың психотроптық заттарды жартылай дайын күйіде қойып кету жолымен алып, оны тұтынуға дайын күйге дейін жеткізіп отрығаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктілер «Telegram» мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды.
Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынды. Тәркіленген заттардың «қара базардағы» құны шамамен 200 млн. теңгеге бағаланады.

Күдіктілердің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив