KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемендіктерді Қала күнімен құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді

17.08.2022, 16:37 142

Қала күніне және Конституция күніне арналған мерекелік бағдарлама 30 тамыз күні орталық алаңда сағат 11:00-де басталады.

Сахнада қаланың түрлі шығармашылық ұжымдары өнер көрсетпек Орталық алаңда, дәлірек айтқанда субұрқақтың жанына «Қала тарихы мен жетістіктері» және «Қаланың көрнекті тұлғалары» атты тақырыптық киіз үйлер тігіледі.

Айта кетейік, биыл мерекеге орай «Шығыс дәмі» гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылады, онда қаланың мейрамханалары мен дәмханалары түрлі шығыс тағамдарын ұсынып, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сондай-ақ, Достық үйінің жанында бал, қауын, қарбыз жәрмеңкесі өтеді.

Ал кешкі сағат 18:30-да орталық алаңда қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама басталады. Тұрғындарды қала күнімен құттықтау үшін танымал жұлдыздары да келіп, өнер көрсетпек. Әзірге кімнің келері белгісіз. Жергілікті атқарушы органдар өнер адамдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

-      Дегенмен қала тұрғындарын құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді деп отырмыз. Қосымша одан да басқа танымал адамдар болады. Біздің уақытымыз жарық эстрада жұлдыздарының тығыз кестесімен сәйкес келмеуде, - деп атап өтті Өскемен әкімінің орынбасары Ирина Смит. 

Сондай-ақ, қала күнінде мерекелік отшашу бола, жоқ па, ол жағын да әкімдік кесіп айта алмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив