KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да 5 тонна балық заңсыз ауланды. Шығын – 14 млн теңге

9.04.2021, 10:24 219

ШҚО-да жыл басынан бері бес тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды ШҚО Полиция баспасөз қызметі.

Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері соңғы рет Тассай ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстаған. Ер адам Зайсан көлінің жағасында заңсыз балық аулап жүрген.

- Тассай ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Зайсан көлінің жағасында орналасқан “Қарақас” учаскесінде 34 жастағы ер адамның ұсталғаны анықталды, тексеру барысында “ВАЗ” автокөлігінен балық аулау құралдары және 150 келіден астам заңсыз ауланған балық (шортан, көксерке, табан) тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-де тіркелді, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтап, 5 тоннадан астам балық тәркіленді.

- Бүгінгі таңда заңсыз балық аулағаны үшін жеті факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын сомасы 14 млн. теңгеден асты, - дейді құқыққорғаушылар. 

 Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады, ал алынған табыс мемлекет қазынасына аударылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив