Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

«Ұлан таңы» газетіне – 90 жыл!

16.08.2022, 18:24 1 0 Мадина Амангелдіқызы

Биыл Ұлан ауданының айнасына айналған Ulan tany - «Уланские зори» газетіне 90 жыл толып отыр. Өткен сенбіде аудан халқы газеттің 90 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Газеттің алғашқы саны 1932 жылдың қараша айында жарық көрген. Бірінші редакторы - Забер Баянов. Ол райком, обкомның табалдырығын тоздырып жүріп, облыстағы баспаханадан, Зырян қаласынан (қазіргі атауы Алтай) газет басатын ескі машина, әріп кассаларын алдыртып, әріп терушіні өзі тауып, 1932 жылы листовка секілді бір беттік газет шығарады. Міне, содан бері де 90 жыл зымырап өте шығыпты. Газеттің атауы «Социалистік майдан», «Өркен» – «Расцвет», «Көктау нұры» болып бірнеше рет өзгерді, десе де өз оқырманын жоғалтпай бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

WhatsApp Image 2022-08-15 at 12.52.34.jpeg

Аудандық Мәдениет үйінде өткен газеттің 90 жылдық мерейтойына жиналған қауымның қай-қайсы да бұл тойдың ең алдымен халықтың тойы екенін ерекше атап айтты.


– З.Баянов, Ж.Жанғозин, С.Түгелов, Ә. Құдайбергенов секілді журналистика майталмандары қызмет істеген «Ұлан таңы» газеті бүгінде ауданымыздың қабырғалы басылымына айналғаны баршамызға белгілі. Бірнеше дәуірдің бейнесін паш ететін газетті бұл биікке көтеруде бұрын жұмыс істеген және қазір еңбек етіп жатқан ұжымның үлесі зор екені анық. Қырық мың халқы бар аймақтың кешегісі мен бүгінгісін саралап, халықтың кемел келешекке деген сенім үдесіне үндеп отырған басылымның тойы ұландықтар үшін үлкен мереке екені даусыз. Ауданның айнасына айналған газет шын мәнінде, өңіріміздің қоғамдық-саяси өмірінің насихатшысы қызметін лайықты атқарып келеді. Аймақтағы жақсылықты жарқырата көрсетіп, кемшін тұстарын сын тезіне алып, кемшіліктерден тез арылуға жұртшылықты жұмылдыра біледі. Бұл той – қалың оқырманның мерекесі, – дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.


Шара барысында аудандық басылымның редакторы болған көзі тірі ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив