KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да мұғалімдер мен полицейлерге КВИ-ге қарсы вакцина салу басталды

29.03.2021, 16:27 124

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталы бері екі айға жуық уақыт өтті. Вакцинация науқаны бірінші кезекте медициналық қызметкерлерді қамтыды.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінге дейін облыстың 7274 медициналық қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алған. Енді міне, 29 наурыздан бастап мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салынады.

- 29 наурызда вакцинацияның екінші кезеңі аясында құқық қорғау органдарының өкілдері мен мұғалімдер вакцинациялауды бастайды. Шығыс Қазақстан вакцинамен толық қамтамасыз етілген. Аймақта қазірдің өзінде вакцинаның 10 мыңнан астам доза алды. 1 сәуірге дейін тағы 11 200 дозаны сатып алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы АКҚ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив