KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 100-ден астам тұрғынға айыппұл салынды – ШҚО

19.10.2022, 14:10 112

«Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелден қонақтардың болуы туралы хабарламаларының болуын тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шараның бір аптасында полицияға хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын 100-ден астам шығысқазақстандықтар жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай ауданының кәсіпкері болды.

- Алтай ауданындағы ЖШС басшысы аудан аумағына ағымдағы жылы қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламаған. ЖШС-ге қатысты полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 70 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің  518 - бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі  қабылданатын жеке және заңды тұлғалардың 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктердің келуі туралы хабарлау қажет екенін ескертеді. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив