Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Тарбағатай ауданының дәрігерлері Израиль мен Литвада тағылымдамадан өткен

14.08.2022, 21:48 2 0 Мадина Амангелдіқызы

 

Тарбағатай аудандық ауруханасының дәрігерлері Израиль мен Литвада тағылымдамадан өтіп, бүгінде хирургиялық операциялар жүргізуде. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, облыс әкімі жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданына барып, мәслихат депутаттарының келісімі бойынша жаңа аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлын таныстырған болатын.


-  Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы - Ақжар ауылының тумасы, басқарушылық тәжірибесі жоғары, яғни басталған жобаларды жалғастырып, жаңасын бастауға әлеуеті жеткілікті. Мен аудан тұрғындарынан жаңа әкімді қолдап, барлық мәселелерді дер кезінде айтуды өтіндім. Өйткені тек осындай өзара іс-әрекеттер мен кері байланыс нәтижесінде оларды жедел шешуге болады, - деді аймақ басшысы.


Сондай-ақ, Даниал Ахметов заманауи жабдықтар орнатылған аудандық ауруханаға барып қайтты.


- Аурухана дәрігерлері Израиль мен Литвада тағылымдамадан өтіп, бүгінде хирургиялық операциялар жүргізуде. Біз бюджеттен медициналық мекемені жөндеуге және қосымша жарақтандыруға қосымша қаражат бөлеміз, - дейді әкім.


Одан бөлек, облыс әкімі жаңа мектепке барып, білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады.


- Көптеген шалғай ауылдардағы мәселе сияқты бұл білім мекемесінде де интернет жылдамдығын арттыру қажет. Бүгінгі таңда жоба бар және біз бұл мәселені шешу үшін антенна-діңгек құрылыстарын саламыз, - деді ол.


Сонымен қатар, жұртшылықпен кездесу барысында Даниал Ахметов Тұғыл ауылындағы сумен жабдықтау және ауданға отын жеткізу жағдайын талқылады. Әкімнің айтуынша, аталған мәселелер бақылауға алынған.


- Депутаттар мен қоғам белсенділерінің жоғары белсенділігі қуантады. Біз шекара маңындағы аумақтарды және "Бір қабатты Шығысты" дамыту бағдарламаларын іске асыруды жалғастырамыз. Бүгінде тұрғын үй мәселесін шешу көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауданға жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға да баспана беріледі, - дейді аймақ басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив