Өскемен
-24°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Бүгін құрылысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде

14.08.2022, 16:26 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Тамыздың екінші жексенбісі - құрылысшылардың, сәулетшілердің, инженерлердің кәсіби мерекесі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осы маңызды әрі құрметті сала қызметкерлерін құттықтады.


- Бүгін елімізде құрылыс саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында қалаларымыз бен аудандарымыз заманауи әрі әдемі кейіпке еніп, балаларымыз барлық стандарттарға сай келетін жаңа мектептерде білім алуда. Алыс жатқан елді мекендерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер, мәдениет үйлері және басқа да маңызды әлеуметтік инфрақұрылымдар бой көтеруде. Құрылыс саласы қазір дамудың жаңа серпініне ие болды. Мұнда өз ісіне шынайы берілген мыңдаған адам талмай еңбек етуде. Сондықтан да, бүгін біз осы игілікті және жасампаз мамандық иелерінің барлығына құрмет көрсетеміз және алғыс айтамыз. Баршаңызға зор денсаулық, жұмыста табыс, амандық, бақыт және жақсылық тілеймін! Құрылысшылар күні құтты болсын! – деп жазды Даниал Ахметов Instagram-дағы ресми парақшасында.


Айта кету керек, Тәуелсіздік жылдары ШҚО-ның қалалары мен аудандарында жүздеген маңызды әлеуметтік нысандар пайда болып, мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Шығысқазақстандықтардың көз алдында Өскеменнің жаңа шағын аудандары бой көтерді.

Өңірдің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, облыс аумағында "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы бойынша әлеуметтік - мәдени нысандар белсенді түрде салынуда, олар ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне келтіруге бағытталған.

Ведомство атап өткендей, мереке аясында ерекше көзге түскен құрылысшыларды "Құрметті құрылысшы" төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ облыс басшылығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау жоспарланған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив