Өскемен
-16°
небольшая облачность ветер 3,1 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Иесіз ит-мысықтардың уақытша «баспанасы» болады - ШҚО

14.08.2022, 16:20 3 0 Мадина Амангелдіқызы
Биыл Шығыс Қазақстан облысында иесіз ит-мысықтарды аулауға 150 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің басшысы Мелис Қайнулдаев мәлім етті.

 - 2022 жылдың 1 наурызынан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енді. Жаңа заңда үй жануарларын өлтіруге тыйым салынған және оларды уақытша ұстау, сәйкестендіру, вакцина салу, зарарсыздандыру, табиғатта серуендету мәселелері қарастырылған, - деді Мелис Кайнулдаев.

 Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру қағидалары әзірленді. Ол құжат облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынылады.

- Жаңа заңды іске асыру мақсатында қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстауға арналған торлар орнатылды, аудандарда уақытша ұстау пункттері орнатылып жатыр. Қазірдің өзінде Тарбағатай ауданы мен Риддер қаласында осындай пункттер бар. Іс-шаралар тиісті ведомство бекіткен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізіледі, - деп түсіндірді М.Қайнулдаев.

 Бөлім басшысының айтуынша, өзге аудан-қалалардың әкімдіктеріне жануарларды уақытша ұстауға арналған қора-жайлар мен пункттердің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тапсырма берілген.
 
- Қазір осы мақсатқа бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ережеге сәйкес, барлық үй жануарларын есепке алу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі, - деп толықтырды Мелис Қайнулдаев.

 Спикердің мәліметінше, облыста жыл басынан бері 16 мың 380 ит, 1017 мысық ауланған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив