Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қыркүйекте локдаун енгізіле ме? Санитарлық дәрігерлер жауап берді

12.08.2022, 19:19 0 0 Мадина Амангелдіқызы
Ғаламтор желісінде биылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталатыны және соған байланысты жаңа локдаун жарияланатыны туралы қауесет таралған болатын. StopFake.kz порталы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 
Бұл жағдайға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті.
 – Біз адамдарды вакцина алуға және қайталап вакцина алуға, қоғамдық орындарда маска киюге, үшін мүмкін болса шетелдерге сапарға шықпауға шақырамыз. Карантин шараларын күшейту немесе әлсірету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Бүгінгі таңда карантин жариялау мәселесі жоқ, - деді Ержан Байтанаев.

 Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте, яғни 11 тамызда ел аумағында тағы 1643 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ал осыған дейін КВИ бойынша «сары» аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы 12 тамыздан бастап «жасыл» аймаққа өтті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив