KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да 5 жасар баланы кинолог құтқарып қалды

12.08.2022, 12:06 60

5 жасар бала үйдің бесінші қабатындағы ашық тұрған терезеге шығып алған. Пәтерге бірінші болып жүгірген полиция қызметкері қайғылы жағдайдың алдын алды.

9 тамыз күні Ұлан аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен.

Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткен. Жедел қызмет келгенге дейін ол инспектор-кинолог полиция кіші сержанты Асыл Беріков жетіп алып, оқиғаға жол бермеу бойынша дереу шаралар қабылданды.

Асыл шақыртуды тіркеу кезінде үйдің ауласына жүгіре жөнеліп, кіре беріс есікті ашып, 5 қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін қаққан. Оған інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын тіпті білмеген 12 жасар қыз бала ашқан. Бөлмеге жүгіріп келіп, полицей баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан көтеріп алған. Жас балалардың ата-аналары сол уақытта үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен екен.

Неліктен сен бірінші болып баланы құтқаруға жүгірдің деген сұраққа Асыл Беріков көптеген адамдар сияқты, оның да кіші інісі мен қарындасы барын айтып, жымиып, оның орнында кез-келген адам қол қусырып тұрмай, дәл осылай әрекет етер еді деді.

- Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті кезекті рет ата-аналарды жас балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив