KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да 90-нан астам адам қызыл паспортпен жүрген

10.08.2022, 10:10 136

Жыл басынан бері КСРО-ның қызыл паспорттарымен жүрген ШҚО-да 90-нан астам азамат анықталды.

Олардың бірі - 1983 жылы Ресей Федерациясына көшіп келген 54 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғыны. Азамат 16 жасқа толғаннан кейін 1974 жылғы КСРО паспортын рәсімдеп, бірнеше жылдан кейін оны жоғалып алған.

-  Шемонаиха ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюроның Шығыс Қазақстан филиалының заңгерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы арқылы Ресей Федерациясынан шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетті. Бүгінгі таңда ер адам көптен күткен құжатты алды, енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты тәртіп сақшылары қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері күн сайын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспортын уақытылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив