Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Катонқарағай ауылында дүбірлі бәйге өтті

9.08.2022, 16:28 1 0 Мадина Амангелдіқызы

6 тамызда Катонқарағай ауылында аудан азаматтарының жүлдесіне арналған «Шығыстың Алтын тайы - 2022» атты республикалық бәйгесі өтті. Бұл дода ұлттық ат спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл игі істің өтуіне атсалысып, қаржылай қолдау танытқан жергілікті кәсіпкерлер екен.

Бәйгеге Шығыс Қазақстан, Абай, арысы, Алматы мен Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Нұр-Сұлтан сияқты облыс пен қалаларынан келген атбегілер қатысып, 100-ден астам тұлпарды топқа қосты. Сонымен қатар, қой көтеру және аударыспақ сайыстары да ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022-08-08 at 22.18.53.jpeg

Республикалық бәйгенің «Алтын Тай» жарысында I орынды Аягөз ауданыны, Ақтойғай ауылының Ақбастау атты сәйгүлігі иеленді. Шабандозы - Саматұлы Арнұр, бапкері – Төкен Айдос, жылқы иесі – Дана Алижан Бауыржанұлы. II орынды Аягөз қаласының Аягөз атты жылқы иеленсе, III орынды Көкпекті ауданы, Қарамойыл ауылының Айерке атты тұлпары иеленіп отыр.

«Құнан» жарысында I орынды Алматы облысы, Көкбастау кентінің Жезкиік атты жылқысы алды. Шабандозы – Қайсарұлы Абзал, бапкері – Арықбаев Мұрат, жылқы иесі - Серіков Дәурен. II орынды Ақсуат ауданының Бөрте атты, III орынды Катонқарағай ауданы, Өрел ауылының Ақбақай атты жылқысы иеленді.

«Жорға» жарысында I орынды Семей қаласының Мырза торы атты сәйгүлігі иеленді. Шабандозы – Тлеугали Ербұлан, бапкері – Тоқмергенов Жанібек, жылқы иесі – Аяпбергенов Қымбат. II орынды Күршім ауданының Салкүрең атты, III орынды Семей қаласының   Мачо атты жылқысы алды.

«Топ Бәйге» жарысында I орынды Алматы қаласының Каренер атты жылқы иеленді. II орын - Алматы облысы, Көкбастау ауылы, III орын - Күршім ауданы.

«Аламан бәйге» жарысында 1-орынды Қарағанды облысының жылқысы, 2-орынды Жарма ауданының, 3-орынды Үржар ауданының жылқылары иеленді.

«Қой көтеру» сайысының жеңімпазы Жаңа Үлгі ауылының тұрғыны Мұратов Ерлік атанды.

Қазақтың ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Аударыспақ» сайысында 70 келіге дейінгі салмақта:

1-орынды Жарма ауданының тұрғыны Құнанбаев Руслан;

2-орынды Жарма ауданының тұрғыны Қанатұлы Темірхан;

3-орынды Өрнек ауылының тұрғыны Қамбарханов Әділет иеленді.

70-90 келі аралығындағы салмақта:

1-орынды Марқакөл ауданының тұрғыны Байталов Бейбіт;

2-орынды Аққайнар ауылының тұрғыны Жакипов Қайнар;

3-орынды Жарма ауданынының тұрғыны Төкенов Айдос иеленді.

90 келіден жоғары салмақта:

1-орынды Тарбағатай ауданының тұрғыны Манарұлы Шыңғыс;

2-орынды Катонқарағай ауылының тұрғыны Бұтабаев Елдар;

3-орынды Катонқарағай ауылының тұрғыны Бұтабаев Асқар алды.

 

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив