Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

«Өскемен дауысы» байқауы жарияланды

9.08.2022, 16:05 5 0 Мадина Амангелдіқызы

«Өскемен дауысы» байқауына өтінімдер қабылдана бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқауға қала тұрғындары келесі жанрлар бойынша өтінім бере алады : вокалдық (эстрадалық вокал, фольклорлық вокал (халықтық), классикалық вокал, авторлық ән). Байқауға осы көрсетілген салаларда тәжірибесі жоқ 17 жастан 50 жас аралығындағы қала тұрғындарының өтінімдері қабылданады.

Үздік нөмірлер «Өскемен дауысы» гала-концертіне қатысу үшін іріктелетін болады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

І – кезең: Өтінімдерді қабылдау.

Өтінімдерді қабылдау 8 тамыздан 19 тамызға дейін, WhatsApp арқылы 8-705-526-16-40 нөмірі бойынша, күн сайын сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Өтінімде көрсетілетін мәліметтер: аты-жөні, жасы, мамандығы, өзі туралы қысқаша ақпарат.

ІІ – кезең: Іріктеу кезеңі.

Іріктеу кезеңі 20-21 тамыз аралығында өтеді, уақыты мен орны WhatsApp мессенджері арқылы қатысушыларға тікелей хабарланады.

ІІІ– кезең гала концертке дайындық.

Концертке дайындық 22-25 тамыз аралығында осы сала мамандарының қатысуымен өтеді.

Анықтама телефондары: 87055261640, 87232265890

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив