KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.89 477.93 4.76

"Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр" – Шағала Масалова, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, Өскемен

10.01.2021, 11:32 132

Өскемендегі №47 орта мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс беру ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы сайлау комиссиясының төрағасы мәлім етті. Оның айтуынша, учаскеде барлығы 2471 сайлаушы тіркелген.

- Дауыс берушілердің, ұйымдастырушылардың көңіл күйлері тамаша. Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Учаскеде дене қызуын өлшеу, арақашықтық сақтау сынды санитарлық талаптар сақталудаү Қажеттілігіне қарай келушілерге маскалар да таратылып жатыр, - дейді Өскемендегі №2 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Шағала Ануарбекқызы.

Жергілікті сағат 9-ға дейін келуі тиіс екі жарымға жуық адамның 105-і дауыс беріп үлгерді.

- Өз таңдауымды жасадым. Сайлаудан кейін елімізде үлкен өзгеріс күтемін. Халықтық әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы көтерілсе деймін, әсіресе ауылдық жердің қазір жағдайы мәз емес, - дейді Өскемен қаласының Серік есімді тұрғыны


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив