ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-29°
туман Штиль
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да «Қазақстан оқушысы – 2022» веложарысы аяқталды

8.08.2022, 18:21 3 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да дәстүрлі көпкүндік «Қазақстан оқушысы – 2022» веложарысы өз мәресіне жетті. Жексенбіде жарыстың жабылу салтанаты өтіп, қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Веложарысқа 12 аймақтан барлығы 82 спортшы қатысты.

WhatsApp Image 2022-08-08 at 15.36.58.jpeg

Жарыс сегіз кезеңнен тұрады. Біріншісі – бес шақырымдық бәсеке. Одан кейін қатысушылар топтық, таулы және жазық жерлерде сыналады. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің үздік үштігін құрап, олардың нәтижелерінен комиссия Бас классификацияда жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынды Алматы облысының спортшысы Максим Тараскин, күміс пен қоланы Алексей Ваганов пен Павел Воропаев алды. Бұл екі велошабандоз да Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келген.


- Жарыстан алған әсеріміз тамаша. Өкінішке орай, Шығыс Қазақстан облысының өкілдері жүлделі орындарға ие болған жоқ, бірақ спортта бастысы жеңіс емес, қатысу. Осы күндері біз жарқын, есте қаларлық сәттерді бастан өткердік. Егер Алдияр Хасенов тас жолдың жиегіне ұшып кетпесе, жүлделі орынға үміткер болар еді. Артем Воховский де өте белсенді шабандоз болды. Келесі жылы біздің спортшылар өздерін жақсы қырынан көрсете алатынына сенімдімін, – дейді ШҚО велосипед спорты федерациясының президенті Елена Нитяжук.


"Қазақстан оқушысы - 2022" – бұл, сондай-ақ, командалық жарыс. Көпкүндік жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы, екінші орынды - Алматының Cycling Team командасы иеленді. Үздік үштікті Нұрсұлтан қаласының велосипедшілері жапты.

Елена Нитяжуктың айтуынша, веложарыс бәріне ұнайды, қатысушылар мұнда өз еріктерімен келуде. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын біздің өңірдегі ландшафт пен жер бедерінің ерекшеліктері қызықтырады екен. Велошабандоздарға біздегі жарыстың қиын, күрделі кезеңдері аса ұнайтын көрінеді, себебі мұнда жазық та, таулар да, өрлі-қырлы жолдар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан оқушысы" веложарысы биыл ғана Республикалық дейгейде өткізіліп отыр. Бұған дейін ол халықаралық жарыс мәртебесіне ие болды. Мұндай түзету COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты енгізілген. Ұйымдастырушылар келесі жылы велотректе Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларын қарсы аламыз деген үмітте. Өткен жылдары, тіпті, Франция өкілдері де қатысқан еді.

Осы жолғы жарыста жас велошабандоздар да номинациялар бойынша марапатталды. "Белсенді шабандоз" атағын Солтүстік Қазақстан облысынан келген Матвей Воробьев алды, ал сол облыстың спортшысы Павел Воропаев "Тау шабандозы" атанды. Ақмола облысынан келген Руслан Марченко «Ең жас шабандоз» деп танылды.


– Мен мұндай деңгейдегі жарысқа балаларды жаттықтырушы ретінде алғаш рет алып келдім. Барлық шабандоздарға біздің жолдарымыздың рельефтері өте ұнады. Шығыс Қазақстан облысында спортты насихаттау үшін осындай іс-шараларды өткізіп, жастарды белсенді өмір салтына тарту маңызды. Оның үстіне, бұл үшін ШҚО-да барлық жағдай жасалған, - деп бөлісті ШҚО велосипед спорты федерациясының жаттықтырушы-оқытушысы Иван Чернявский.


WhatsApp Image 2022-08-08 at 15.36.56.jpeg

Айта кетсек, бұл веложарыс 1970 жылы бастау алған. Мектеп жарыстарының бастамашысы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және оқытушысы Александр Антышев. 1999 жылы Алматыда өткен веложарыс жабылу алдында тұрды, сол кезде Антышев сол кездегі Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, велоспорт федерациясының президенті Даниал Ахметовке "Қазақстан оқушысы" веложарысын қайта жандандыруды өтініп, бірнеше облысты ұсынады. Жазық және таулы жерлері мен әлемдегі белгілі Вуэльта Испания, Тур де Франс, Джиро д'Италия көпкүндіктеріне ұқсас рельефтері болғандықтан, жарыстарды өткізетін аймақ ретінде Шығыс Қазақстан облысы таңдалған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 10:03 Өскеменге қар тазалайтын жаңа техникалар әкелінеді Бүгін, 09:30 ШҚО-да білім мекемелері қашықтан оқыту форматына ауысты Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО