KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Онлайн ант. Өскемендегі Ұлттық Ұланның 250-ге жуық жауынгері әскери ант қабылдады

6.01.2021, 10:45 217

5 қаңтар күні Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жедел мақсаттағы 5518 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. 
Ұлттық ұлан сапына​ Алматы, Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Жамбыл облыстарынан шақырылған 250-ге жуық жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне өңірдегі эпидемиялық ахуалға байланысты​ ата-аналары қатыса алмады.Есесіне әр​ рота, взодттарға арнайы ашылған «Instagram»​ акаунттары арқылы​ әр ата-ана​ баласының өміріндегі маңызды сәтті​ тікелей эфирден тамашалауға мүмкіндік алды.​ ​

-Қазақстан Республикасының құқықтық әскерінің құрылуына 29 жыл қарсаңында ​ біздің жеке құрам қатары жас сарбаздармен толығып, әскери ант қабылдау рәсімі болып өтті.Ендеше жас сарбаздарды бүгінгі ант қабылдау күнімен және барша жеке құрамды алдағы келе жатқан​ кәсіби​ мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын – дейді 5518 әскери бөлімінің оқу пункті​ бастығы подполковник Еділжан Сырлыбаев.

1-нші оқу ротасының жас сарбазы қатардағы​ Нұрхат Төлеу де бүгінгі​ ант қабылдаушылар қатарында.Талдықорған облысынан шақырылған Нұрхат​ енді 1 жыл бойы Өскемен көшелерінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.

- Бүгін мінеки, әскери ант қабылдадық.Өте қуаныштымыз.5518 әскери бөлімінің 2-2020 шақырылымының​ сарбаздары​ еліміз Қазақстан Республикасына​ адал қызмет етеміз және де Отан алдындағы​ өз міндетімізді,​ әскери борышымызды абыроймен​ атқарамыз деп сенеміз, бар күшімізді саламыз-дейді Нұрхат

Дәл осы шақырылымда азаматтық борышын өтеуге келген қатардағы Андрей Павлюченко да Павлодар облысынан шақырылған.

- Бұл мен үшін ғана емес, менің барша қаруластарым, жолдастарым үшін үлкен мәртебе. Біз енді Қазақстан Республикасының тыныштығы жолында қызмет ететіндігімізді мақтан тұтамыз әрі шын қуаныштымыз. Біз алда ең мықты сарбаз болатындығымызға сенімдіміз-дейді​ қатардағы Андрей Павлюченко

Әскерге 2020 жылдың қараша айының соңында​ ​ шақырылған жас сарбаздар осы күнге дейін арнайы оқу пунктілерде ​ әскери жарғыларды жаттаудан бастап, саптық дайындықтан өтіп, сонымен қатар​ ​ қару ұстау тәртібі, мергендікке ату, қоян-қолтық ұрыс әдістері секілді алғашқы әскери ілімдерді алды. Енді олар бір жыл көлемінде Өскемен қаласының көшелерінде​ қоғамдық тәртіпті күзетіп, патрульдік қызмет атқаратын болады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша​ ​ Ұлттық ұланның​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери​ бөлімінің​ әскери жасағы қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті күзету барысында​ 700-ге жуық​ әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын орап, 60-қа жуық​ қылмысты​ ​ ашқанын айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив