Өскемен
-29°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да мектеп құрылысының қарқыны жоғары

8.08.2022, 16:03 0 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында мектеп құрылысының қарқыны жоғары, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Бекен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингі барысында айтты.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «білімді ұлт – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы» дегенді үнемі айтып келеді. Облыс басшылығы да осыны ескере отырып, білім саласына көп көңіл бөлуде. Мәселен биыл өңірде жеті мектеп (1520 орын) салынып жатыр. Жалпы 2025 жылға дейін 33 білім мекемесін салу жоспарда бар. Осылайша өңірдегі үш аусымдық және апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешіледі, – деді Әлішер Бекен.

Спикердің ақпаратына сүйенсек, облыс орталығында 599, Риддер қаласында 600, Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп салынып жатыр. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шекара шебіндегі төрт ауылда жаңа білім мекемесі бой көтереді.

– Биыл Бесқарағай ауданындағы Жыланды, Жармадағы Қапай батыр, Күршім ауданындағы Ұранқай және Жолнұсқау ауылдарында мектеп құрылысы басталды, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Бекен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив