KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Самар ауданында бірнеше күннен бері дала өрті өршіп тұр

8.08.2022, 12:11 189

Өрт 5 тамызда басталған. Өрт Сарыбел ауылдық округіндегі Чикеев учаскесінде шамамен 42 гектар аумақты шарпыған. Оны сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногорск және Қайыңды орман шаруашылықтарының, Сарыбел бекінісінің (Новотимофеевка) күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Кеше, 7 тамызда көмекке Өскеменнен қосымша өрт сөндірушілер кетті», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі. – Қазір барлығы ТЖД-ның 33 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардан 44 адам және орман шаруашылығынан 17 адам, сондай-ақ 10 техника жұмылдырылды. Өрт болып жатқан аймаққа қатынау қиын және жері тасты. Бұл да арнайы техниканың жұмысын қиындатады. 

Ведомствоның мәліметінше, қазір өрт жалыны шарпып тұрған жоқ, тек кейбір аумақта бықсып жанып жатыр. Жел секундына 3-5 метр. Орман қоры мен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив