ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
ясно ветер 0,7 м/с, ЮВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ШҚО тұрғындарымен кездесті

5.08.2022, 22:20 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ШҚО Алтай ауданының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

WhatsApp Image 2022-08-05 at 20.44.51.jpeg

Кездесу Мемлекет басшысының халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өтті. Іс-шараға ШҚО әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев, облыстың депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты.


- Үкіметтің күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе бар және олардың бірі бағаның өсуін ұстап тұру болып табылады. Мен жақында халықаралық сарапшылармен бірнеше кездесулер өткіздім және бағалардың барлық жерде өсіп жатқанын айта аламын. Осыған орай біз келесі жылы инфляцияны 10% - ға дейін төмендету деген мақсат қойып отырмыз, - деді Ерұлан Жамаубаев.


Министрдің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе - жаппай кәсіпкерлікті дамыту.


- Биыл біз мемлекеттік органдардың барлық талаптарын тексереміз. Әр мекемеде автоматтандырылған тексеру жүйесі болуы керек. Біз оны келесі жылы іске қосамыз, менің ойымша, бұл елімізде енгізілетін үлкен жаңалық, - деді Қаржы министрі.


Сондай-ақ, кездесу барысында ол 2023 жылы мемлекет өз кірістерін өсіре бастайтынын және Ұлттық Банкке трансферттер алу үшін аз өтініш беретінін айтты.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев барлық реформалардың басты мақсаты -халықтың әл-ауқатын арттыру және гүлденген әрі қуатты мемлекет ретінде жаңа Қазақстанды құру екенін айтып өтті.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды