Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

ШҚО-ның бас экологы: "Өскеменнің қоқыс полигоны баяғыда-ақ толып кеткен"

5.08.2022, 10:32 2 0 Оразай Жеңісұлы

Облыстық экология департаментінің басшысы Өскеменнің жылына бірнеше рет өртенетін қоқыс полигоны жайлы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

– Қазіргі полигон баяғыда-ақ лық толған. Біз жыл сайын қала әкімдігіне жаңа полигон салу туралы шешім қабылдайсыздар деген шартпен бір жылдық рұқсат беріп келдік, – дейді ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.

Оның айтуынша қала әкімдігі енді ғана «Еуропа қайта құру және даму» банкімен бірлескен қызмет аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жобасы бойынша келісім жасасты.

– Шілде айынан бері жобалаушылармен және сарапшылармен бірнеше рет кездесу өткізілді. Сұйық қалдықтар мен тамақ қалдықтарын компосттайтын алаңдарды қоса салу керек деп келісілді. Қоқыстар қала ішіндегі ескі полигонда сұрыпталады. Жаңа полигон қала сыртында – Ұлан ауданында тау массиві аумағында салынады. Қоршаған ортаға және халыққа зиян тимес үшін, мамандар желдің бағытын ескере отырып осы орынды таңдады. Бұл жерге ең жақын ауылдың өзі бес шақырым қашықтықта орналасқан, – Данияр Әлиев. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив