Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
468.98 493.74 7.59

Қазақстанда «Мектепке жол» акциясы басталды

4.08.2022, 19:48 2 0 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Акцияға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.

«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады.


«Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.


Аталмыш акция жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтеді. 10 жыл ішінде 2 млн-нан астам балаға материалдық көмек көрсетілген екен.

«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.

ШҚО Білім басқармасының сенім телефондары: 8 (7232) 70-23-57, 8 (702) 930 70 90.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив