KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскемен дүкендерінде баға тұрақсыз болып тұр

3.08.2022, 11:44 125

Өскемендегі дүкендерде бірінші қажеттіліктегі азық-түліктердің бағасы әртүрлі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Өткен аптаның соңында қаламыздағы шағын және орта сауда дүкендеріңнің сөрелеріндегі тұрмысқа бірінші қажеттіліктегі азық-түліктердің бағасына мониторинг жасалды. Соның нәтижесінде дүкендердегі бағалардың әртүрлі екендігіне көз жеткіздік. Осы орайда ауыл шаруашылығы басқармасы бағаны неге қадағалай алмайды деген заңды сұрақ туындайды. Партияға болсын, әлеуметтік желілерде болсын, тұрғындар тарапынан бағаға байланысты арыз-шағымдар өте көп, – деді Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Арайлым Есімбекова.

Осыдан кейін кәсіпкерлік басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Комиссиясының мүшелері алдағы уақытта баға өсімі жіті бақылауда болатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив