Өскемен
-17°
туман ветер 3 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Өскемен көшелерінде QR кітап көрмесі ашылды

3.08.2022, 10:47 1 0 Оразай Жеңісұлы

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрменің ерекшелігі – оқырмандар кітапты сөредегі QR кодтарды сканерлеу арқылы оқиды. Сөрелерге Абай Құнанбайұлының кітаптары, балаларға арналған шығармалар, әртүрлі тақырыптағы шетел жазушыларының еңбектері қойылған.

– Кітапханаға жолымыз түсе бермейді. Бірімізде – жұмыс, бірімізде – оқу дегендей... Ал бос уақыт бола қалса, бала-шағамызды ертіп, көшеге серуенге шығамыз. Осындай кезде алдыңнан кітаптар күтіп тұрғаны керемет екен. Әсіресе балаларға арналған туындылар қызықтырды. Алдағы уақытта кітапханаға барып тұруды әдетке айналдырсақ деген ойдамыз, – дейді Ләззат есімді қала тұрғыны.

Кітапханашылар QR кітап көрмесін енді әр апта сайын қаладағы саябақтарда ұйымдастырады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив