KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Катонқарағайда әуежай салынады

1.08.2022, 10:17 139

Катонқарағай ауданына әуежай салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, өңірдегі әуежайлардың инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап жаңғыртылып келеді. Мәселен Семей мен Өскемендегі әуе айлақтары жөнделді. Сондай-ақ жақында Үржардағы ұшу-қону жолағы жаңартылды.

– Енді жарамдылық сертификатын аламыз. Содан кейін аудандағы әуежай жұмысын қайта бастайды, – дейді ведомство басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Оның айтуынша 2024 жылға дейін Зайсандағы әуежай да жөнделеді.

– Оған қоса Катонқарағай ауданына әуежай салу жоспарда бар, – деді Айжан Рахымбаева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив