KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығысқазақстандықтар санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Instagram арқылы біле алады

12.11.2020, 21:54 138
Бүгіннен бастап Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасы іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
csec_mz_rk аккаунтінде хабарлағандай, әлеуметтік желі қолданушылары парақша арқылы қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша дәлелденген ресми ақпараттар мен таныса алады. Осылайша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету көзделген.
Одан өзге, парақшаның әкімшілері техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау, мониторингтік топтардың рейдтік тексерулерінің нәтижелері туралы да баяндайды.
- Парақшамызға қосылған, лүпіл мен пікір қалдырған және күнделікті елдің санитариялық-эпидемиологиялық ахуалымен танысқысы келетін барлық оқырмандарымызға қуаныштымыз, - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив