KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

"Қазақстан барысын" тәртіптік жауапкершілікке тартпақ

11.11.2020, 10:15 72
Семей қаласындағы көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың қаладағы тойлардың біріне қонақ ретінде қатысуы соңғы тәулікте қызу талқыланған жаңалықтардың бірі болды.
Осыған байланысты ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова колледж директоры Айбек Нұғымарты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесінің қаралатынын хабарлады.
- Осындай қиын кезеңде студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселесі білім беру мекемелерінің басшылығымен өткізілетін жиналыстардың күн тәртібінде қаралатын негізгі әрі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай күрделі кезеңде барлық жұмысшылар мен студенттерге үлгі болып табылатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отыр. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Жұмысқа шыққанан кейін, оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады, - деп хабарлады басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив