KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жыл соңына дейін 33 автобус сатып алынады – Өскемен

16.10.2022, 00:51 342

Өскеменде жыл соңына дейін 33 автобус сатып алынбақ. Ал 2023 жылы тағы 74 автобус әкелінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылы жолаушы тасымалдаушы компаниялар 18 жаңа көлік құралын сатып алған екен. Ал ағымдағы жылы әкелінген автобустардың саны – 34. Биыл көлік құрамын жаңартқан компаниялар - «Марат-М» ЖШС, «Каленицкий» ЖК, «Кривошеев» ЖК.

Жалпы, 2021 жылы 52 жаңа автобус алынған болатын. Бұл автобустар қалалық маршруттарда жұмыс істеуде: «VoSka» ЖШС (№ 12, 17, 33, 42) - 13 автобусов, Кривошеев ЖК (№ 262 маршрутта) - 2, «Марат-М» ЖШС (№ 7, 26, 32, 38, 47) – 36, ​ № 13 маршрутта – 1 автобус.

Сонымен қатар, жолаушы тасымалдаушылар жыл соңына дейін тағы 33 автобус сатып алуды жоспарлап отыр: «Марат-М» ЖШС - 9, «VoSka» ЖШС - 10, «РОСТ» ЖШС - 10, «Өскемен қаласының көлік компаниясы города» - 4 автобус.

Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық маршруттарда 175 автобус жұмыс істеп жүр. Олардың 10 жылға дейін жарамдылық мерзімдері бар: ​ 459 автобус​ – 10-20 жыл, ​ 80 автобус - 20 - 30 жыл.

2023 жылы жаңа 74 автобус әкелінбек: «VoSka» ЖШС - 30, «РОСТ» ЖШС - 10, «Марат-М» ЖШС - 30, «Вебас» ЖШС - 2, «Бақытжол» ЖШС - 2 автобус.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив