KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Бұқтырмада кемедегілерді құтқарған батырлар марапатталды

29.07.2022, 09:45 113

Бұқтырмаға батып бара жатқан кемедегі жолаушыларды құтқарған бейбіт күннің батырлары марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев және Сұлтан Тайжановқа «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен қоса, Шығыс қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Марапатты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Нұрпейісов табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде, Бұқтырма су қоймасында, рейстік жолаушылар катері дауылға ұшырады. Кеменің батып бара жатқанын байқаған жағадағы демалушылар гидроскутермен және қайықпен оқиға орнына жетіп, жолаушыларды аман алып шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив