Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 12 миллион теңге жымқырған. Үкім шықты

29.07.2022, 09:43 7 0

ШҚО-да 12 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

"А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған.

Бұдан басқа, Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде, қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған.

"Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Базархановаға өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив