Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 18 қазанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Бейнелеу өнерінің Ілияс Есенберлині

0

74

 

– Оның бояулары буырқанып тұрады. Өмірде де буырқанған-бұрсанған адам еді...

Өлімді сезіну

Міне, қарсы алдымызда - «Шоқан Уәлиханов Айша-бибі мавзолейінде» атты картина. 

– Мағауия кеңес дәуірінің өзінде қазақтың аспанынан жұлдыздай ағып түскен Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы көп толғанатын. Данышпанның өмірін зерттеп, мұражайлардың бірінен оның фотосуретін тауып алды да, ол туралы картина жазды. Картинада өмірінің соңғы сәттерінде Айша-бибі мавзолейіне сапарлап келген Шоқан бейнеленген. Байқасаңыздар, жас адам өзінің өлетінін сезініп тұрғандай. Қоштасып тұрғандай. Анау қураған сексеуіл де тегін салынбаған. Барлығы Шоқанның көңіл күйінен хабар береді. Мағауия өзінің осы жұмысын «Предчувствие», яғни өлімді сезіну деп атағысы келіп еді. – дейді Гүлбайраш Сүлейменова. Айтуынша, Мағауия Аманжолов әр шығармасын жазарда ғалымдарша ізденеді. Архивтерді ақтарып, кітапханаларды қопарыстырады.

Міне, тағы бір картина – «Уақыт үстемдігі». Немересін алдына алған әже, әлденеден жасқанған әйел, құлағын басқан қыз бала. Барлығының жанарынан мұң оқуға болады. Анау пойыздың дүрсілі, ұшақтың үні, полигонның дабысы – үшеуі қатар естіліп, айнала қым-қуыт, шым-шуыт, астаң-кестең болып жатқан секілді. Заман жаңарған сайын шығарылып жатқан түрлі техникалар адамға өз үстемдігін жүргізуде. Және осы картинаның ортасында автордың өзі тұр. Алға қарай алмай, екі қолын сермеп, қалың бұлттан, көз қарықтырған жарықтан қорғанатын секілді. Болашақтың қалай болары белгісіз, бұлдыр...

Автор туындыларының біразында өзін бейнелейді. Осы көрмеде қойылған туындылардың ішінде «Әкеммен бірге», «Өткен күндер әуені», «Халықаралық бейбітшілік жылы» сынды картиналардан Мағауия Аманжоловты оңай тануға болады.

– «Менің өзімді және туыстарымды көп бейнелеуімнің себебі бар. Кейіпкерлерімді өз бойымнан өткізіп, әбден сезінуім керек. Әйтпесе зерттемеген кейіпкеріме жоламаймын. Барлық туындымның кейіпкерін өз бойымнан өткізіп жазғанмын» дейтін өзі, – дейді жары.

Ешкім көрген жоқ, ешкім көмген жоқ

– Ешкім көрген жоқ, ешкім көмген жоқ... Суретшінің ғұмыры жалғасып жатқан да болуы мүмкін. Амандығын тілейміз. Алла бізді ұшырастырсын, кездестірсін. Жоғалып кеткеніне 24 жыл болыпты, міне... Десе де, бүгін бізде той. Бейнелеу өнерінде із қалдырған КСРО суретшілер одағының мүшесі Мағауия Аманжоловтай тұлғаның 70 жасы. Бұған дейін ешкім білмеген, жоқтамаған тамаша туындылар елмен қауышты. Айтпақшы, Мағауия Аманжолов Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тумасы. Кейінгі өмірі Алматыда өткен. Алайда өнерде батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік болмайды, – деді публицист-жазушы Талғат Айтбайұлы облыстық өнер музейінде жоғарыдағы өзі атаған тұлғаның өмірбаяны, жазған жұмыстары мен жоспарлаған эскиздері топтасқан кітап-альбомның тұсаукесері және жеке көрмесінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Талғат Айтбайұлы – кітап-альбомның редакторы. Ал оны Мағауия Аманжоловтың жары Гүлбайраш Сүлейменқызы құрастырған. Кітап-альбом облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен жарыққа шығып отыр.

– Жеттік пе, жетпедік пе... Мұндай күнді кез келген қаламгер аңсайды. Мағауия да армандайтын. Және күндердің-күнінде өзінің шығармашылығы бағаланатынына сенетін де. Ол – нағыз руханияттың адамы еді. Бүгін қайнар бұлақтың көзін ашқандай болып, қолдаушысын таппай жатқан туындыларды жарыққа шығарған Шығыс халқына, бірауыз сөзінде тұрып, қолдау білдірген Даниал Кенжетайұлына зор алғыс! Жасыратын не бар, Мағауиядай суретші болғаны ұмытылып кеткендей еді. Билік басындағылардың ешқайсысы керек те қылмап еді. Енді маған Шығыс Қазақстанның әрбір адамы туыс. Кез келген адамына Алматыдағы үйімнің есігі ашық, – деп тебірене сөйледі суретшінің жары Гүлбайраш Сүлейменқызы.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарына байланысты кешігіп келетінін айтты оның орынбасары Әсем Нүсіпова. Ол шараға қатысып отырған суретшінің жары, қызы және немересіне сый-сияпат табыстады.

Буырқанған бояулар


– Мағауия Аманжолов 60-70-жылдардың суретшісі саналады. Ол сол кездің өзінде суретшілер бара бермейтін тақырыптарды қозғаған батыл адам. Жазу өнерінде тарихқа, хандардың өміріне Ілияс Есенберлин батыл қалам тербесе, бейнелеу өнерінде Мағауия Аманжолов «Ақтабан шұбырынды» деген серия жазып, халықтың қиын тағдырына тереңдеп кетті. Бүгінгі көрмеге оның жұмыстарының оннан бірі ғана қойылды, – деп сөзін жалғады Талғат Айтбайұлы.

Көрмеге Мағауия Аманжоловтың Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай мен Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы мұражайындағы картиналары әкелінді. Солардың ішіндегі тарихи тақырыпта жазылған шығармалары «Ұстаным мен қадам», «Қасірет» («Ақтабан шұбырынды» сериясынан) деп аталады.

– Кешеден бері Мағауия Аманжоловтың кітап-альбомға енген туындыларын қарап шыққандағы түсінгенім: өнер – оның өмірі екен. Біздің арамызда 46 жыл ғана жүріпті... Сол азын-аулақ өмірін түгелдей дерлік өнерге арнапты. Бұл үлкен құрбандық, зор сүйспеншілік, – дейді Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың басшысы Татьяна Стомская.

Гүлбайраш Сүлейменқызы жарының өмірде қандай адам болғанын да әңгімеледі.

– Қарап тұрсаңыз, оның бояулары буырқанып тұрады. Өмірде де буырқанған-бұрсанған эмоцияның адамы еді. Бірде ән тыңдап отырып тебіренгені сондай, «А-а!» деп айғай салып, шырқап тұрған әншінің жейдесін дар-дар айырып, жыртып жібергені бар. Ол әрі ақын, әрі батыр Мәди, Қасымдардың елінен ғой. «Сұрасаң руымды – Қаракесек» деген гимн секілді әнде айтылған ру – Мағауияның елі. Расымен де, психологиясы баланікіндей еді. Сенгіш, алданғыш та болатын. Кейде сол буырқанып кетеді. Өзі алып денелі адам ғой. Мен оған ие бола алмай қалдым-ау деп ойлаймын. Шеберханасына кеткеннен қайтып оралмады... – дейді Гүлбайраш Сүлейменқызы.

Айта кетейік, көрменің салтанатты ашылу рәсімінен кейін мұражайға облыс әкімі Даниал Ахметов келіп, суретшінің туыстарымен кездесті.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

17.10.19, 19:00

Суицид жасамақ болған колония қызметкеріне қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді

17.10.19, 18:32

Қазақстан сәби өлімі бойынша екінші орында

17.10.19, 18:08

Қазақстаннан 31 мыңнан астам адам кетті

17.10.19, 17:57

Конор октагонға оралды. Қарсыласы кім?

17.10.19, 17:40

Өскемендегі турнирге 300-ге жуық дзюдошы қатысуда

17.10.19, 15:50

«465 миллионды не үшін бөліп отырмыз?» - Даниал Ахметов

17.10.19, 15:12

ШҚО-ның дәрігерлері жарты жылға шетелге жіберіледі

17.10.19, 15:02

Өскеменде жыл басынан бері 10 адам өрттен қаза тапты

17.10.19, 14:59

"Қалада үлкен зауыттар бар". Өскеменнің лас ауасы жөнінде министрліктің айтқаны

17.10.19, 14:44

Бесқарағай ауданында 15 ауылға су тартылады

17.10.19, 14:42

Өскеменде жер үй салу және оның құжаттарын жөндеу жолдары жеңілдей түсті

17.10.19, 14:19

Өскемендегі автобустардың төбесінен жаңбыр суы сорғалап тұр

17.10.19, 13:28

Өскеменде гараждарды алып тастайтын болды

17.10.19, 13:14

Семейде бір аптада 10 рет өрт шықты

17.10.19, 13:01

ШҚО мамандары Австрия мен Қытайдан медициналық туризмді дамытуды үйренуде

17.10.19, 12:35

Семей спорт академиясының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп жатыр

17.10.19, 12:05

Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен балаға қатысты тың дерек шықты

17.10.19, 11:58

Өскемендік оқушы өсімдік тұқымын жетілдіретін дәрі ойлап тапты

17.10.19, 11:40

Жылқының етін жеген норвегиялық қыздың басы дауға қалды

17.10.19, 10:22

Қазақстандық букмекерлер заңға енгізілгелі жатқан өзгерістерге қарсы шықты

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

17.10.19, 19:00

Суицид жасамақ болған колония қызметкеріне қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді

17.10.19, 18:32

Қазақстан сәби өлімі бойынша екінші орында

17.10.19, 18:08

Қазақстаннан 31 мыңнан астам адам кетті

17.10.19, 17:57

Конор октагонға оралды. Қарсыласы кім?

17.10.19, 17:40

Өскемендегі турнирге 300-ге жуық дзюдошы қатысуда

17.10.19, 17:33

Қазақстан суперкубогы: «Алтай» «Ертіс-Қазхромды» талқандады

17.10.19, 15:50

«465 миллионды не үшін бөліп отырмыз?» - Даниал Ахметов

17.10.19, 15:12

ШҚО-ның дәрігерлері жарты жылға шетелге жіберіледі

17.10.19, 15:02

Өскеменде жыл басынан бері 10 адам өрттен қаза тапты

17.10.19, 14:59

"Қалада үлкен зауыттар бар". Өскеменнің лас ауасы жөнінде министрліктің айтқаны

17.10.19, 14:44

Бесқарағай ауданында 15 ауылға су тартылады

17.10.19, 14:42

Өскеменде жер үй салу және оның құжаттарын жөндеу жолдары жеңілдей түсті

17.10.19, 14:19

Өскемендегі автобустардың төбесінен жаңбыр суы сорғалап тұр

17.10.19, 13:28

Өскеменде гараждарды алып тастайтын болды

17.10.19, 13:14

Семейде бір аптада 10 рет өрт шықты

17.10.19, 13:01

ШҚО мамандары Австрия мен Қытайдан медициналық туризмді дамытуды үйренуде

17.10.19, 12:35

Семей спорт академиясының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп жатыр

17.10.19, 12:05

Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен балаға қатысты тың дерек шықты

17.10.19, 11:58

Өскемендік оқушы өсімдік тұқымын жетілдіретін дәрі ойлап тапты

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: